«Оқытудың тиімді стратегиялары» тақырыбында апталық ұйымдастырды » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа имени Жамбыла»
отдела образования по Панфиловскому району
Управления образования области Жетісу
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Версия для
слабовидящих
» » «Оқытудың тиімді стратегиялары» тақырыбында апталық ұйымдастырды
26
октябрь
2022

«Оқытудың тиімді стратегиялары» тақырыбында апталық ұйымдастырды

«Оқытудың тиімді стратегиялары» тақырыбында апталық ұйымдастырды





2022 жылы 10.10-14.10 аралығында тәлімгер педагогтер «Оқытудың тиімді стратегиялары» тақырыбында апталық ұйымдастырды. Апталықтың мақсаты: Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.
Бұл апталықта тәлімгер педагогтер ашық сабақтар көрсетіп, өз сабақтарында оқытудың тиімді стратегияларын жас мамандарға көрсетті. Тәлімгерлер сабақтарынан жас мамандардың алары көп болды. Мысылы, Ибраимова А,Қ. «6 қалпақ» стратегиясын сабақта қалай қолданатынын көрсетсе, Рахманбекова А.Ж. «Қара жәшік» стратегиясын, Есеркеева С.Н. «Топтық жұмыс», Заитова Р.А. лови ошибку жәнеде көптеген тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды көрсетті.
2022 жылдың 17 октябрь және 21 октябрь аралығында жас мамандар апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты тәлімгерлердің үйретуі және бағыт бағдары бойынша алған ақпараттарын өз сабақтарында қолдана білу. Апталыққа 27 жас маман ат салысты. Жас мамандар өз сабақтарында тәлімгерлерден алған әдіс-тәсілдерді қолдана білді. Өткен ашық сабақтарынан жас мамандарымыз келешекте жақсы маман иесі болатындарын көрсете алды.Тәлімгер педагогтер жас мамандардың сабағына қатысып, өз кеңестерін айтып отырды. Жас мамандар өз тәлімгерлері тарапынан айтылған кеңестерді оң қабылдап, әдістемелік көмекке мұқтаж екендерін айтты.
Апталықтарды қортындылау мақсатында тәлімгер және жас мамандардың қатысуымен «Екі жұлдыз, бір тілек» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада жас мамандар сабақтарына талдау жасалынып, тәлімгерлер екі жұлдыз, бір тілектерін айтты. Жас мамандар бұл апталықтан көптеген әдіс тәсілдерді үйренгендерін айтып өтті. Дөңгелек үстел қызықты пікір-талас, тренингтермен өз жалғасын тапты. Тәлімгерлер жас мамандарға түрлі кеңестер ұсынып, кері байланыс жүргізілді.