«Мектепке жол» акция » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа имени Жамбыла»
отдела образования по Панфиловскому району
Управления образования области Жетісу
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Версия для
слабовидящих
14
август
2024

«Мектепке жол» акция

Жыл сайын дәстүрге айналған Республикалық «Мектепке жол» акциясы 2024 жылдың 1 августынан бастап отдела образования по Панфиловскому району КММ-нің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен Мектепке жол акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты - жаңа оқу жылының қарсаңында аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету.
Қоғамдық мәні зор шараға жаны жомарт, жүрегі нұрға толы жандар, ата-аналар, тұрақты демеушілер, балаларға мерекелік көңіл -кдомсыйлап, жаңа мектеп формасын, спорттық киім, аяқ-киім, қажетті мектеп жабдықтарымен мектеп сөмкесін толтырып жүрек жылуын сыйлауда. 1 августдан 13 август аралығында оқушылардың мектепке дайындығына жалпы сомасы 224 200 теңге көлеміндегі көмек 28 балаға үлестірілді. «Мектепке жол» акция шеңберінде берекелі, бірлігі жарасқан ел екенімізді танытып, мұқтаж жандарға көмек қолын созған жандарға алғыс білдіреміз! Елімізде дарынды, білімді, алғыр ұрпақ өсуіне ұйытқы болар игі шараға атсалысып, жүрек жылуын бөлісуге асығайық!