«Жас Ұлан» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа имени Жамбыла»
отдела образования по Панфиловскому району
Управления образования области Жетісу
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Версия для
слабовидящих
22
декабрь
2023

«Жас Ұлан»

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" Управления образования области Жетісунің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен мектебімізде оқушылардың Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.
Оқушылар Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға ант қабылдады.
«Жас Ұлан ұйымына қабылданушылар алдағы уақытта қоғамдық, танымдық, шығармашылық қабілеттерімен мектеп жүйесіндегі тәрбиелік тәжірибені дамытуға, ат салысу міндеттелді.
Еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!
Ұйымының негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

«Жас Ұлан», ұйымына қабылданған оқушыларға мектеп басшысы мен директордың орынбасарлары және ұстаздар мен өзін – өзі басқару ұйым мүшелері салтанатты түрде мойынтақ тағып, оқушыларды құттықтады.