03
октябрь
2024
“Жас Ұрпақ”
Жетісу облысы бойынша “Жас Ұрпақ” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Жетісу әкелер мектебі” әлеуметтік проект аясында Панфилов ауданы “Жамбыл атындағы орта мектеп” КММ-де “Даналық мектебі” жанынан әкелер кеңесімен кездесу өткізілді. Мақсаты: әкелік институтты дамытуға жаңа тәсілдерді әзірлеу, әкелердің өмірлік көзқарастарын жаңа бағытқа өзгерту және “Әкенің беделін арттыруға” бағылтталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру. Кездесу барысында мектептің педагог-психологтары әкелерге психологиялық тренингтер өткізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К. Намысбекова сөз алып заманауи әке тәрбиесінің рөлін арттыру арқылы қоғамның басты мақсатына айналдыру туралы айтты. Кездесу аясында 20 адамнан тұратын “Әкелер кеңесі” құрылды. Әкелер кеңесінің төрағасы болып А.А. Раев, әкелер кеңесінің төрағасының орынбасары болып Қ.А. Елекбаев тағайындалды.
#ЖетісуӘкелерМектебі #ЦПГИ #ЖетісуОблысы
#ЖетісуӘкелерМектебі #ЦПГИ #ЖетісуОблысы