Мектеп оқушыларына медиацияның не екенін түсіндірді. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушыларына медиацияның не екенін түсіндірді.
16
ақпан
2024

Мектеп оқушыларына медиацияның не екенін түсіндірді.

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 15 қыркүйек 2023 жылы мектеп оқушылары мектептегі татуластыру қызметі жұмысымен таныстырылды. Мектеп оқушыларына медиацияның не екенін түсіндірді. Бекзат Ерғазы 9 «А» сынып оқушысы Ибрянов Илья 10 «Ә» сынып оқушысы. 9 «А» сынып оқушысы Ерғазы Бекзат сөз алды. Ол өз сөзінде мектеп оқушыларына мектеп медиация орталығының маңызы, мақсатын түсіндіріп медиация – бұл «Не істеу керек?», басты мәселе «Кім кінәлі?» деген сауалдарға жауап алу екендігін, медиацияның дауларды шешудің басқа тәсілдерінен негізгі айырмашылығы ол тараптардың әрқайсысын ұйымдастыратын және олар үшін бірдей тиімді болатын жанжалдың шешімін табуға көмектесетіндігін, ең алдымен қақтығыстарды реттеу технологиясының, процедураны өткізу қағидалары мен ережелерін сақтау есебінен шешілу туралы және медиатор осы дауда тәуелсіз және бейтарап адам болып қана қоймай, арнайы білімі бар, қажетті дайындықтан өткен маман саналады деп түсіндірді. 10 «Ә» сынып оқушысы Ибрянов Илья сөз алды. Ол өз сөзінде медиация ережелерін түсіндіріп медиация - үшінші тұлғаның қатысуымен дауларды немесе жанжалдарды шешуге арналған келіссөздердің бір түрі екенін айтып өтті.