«Мектебім - мейірім мекені» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектебім - мейірім мекені»
01
қыркүйек
2023

«Мектебім - мейірім мекені»

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, “Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен 1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, мектепте 1-11сынып оқушыларымен «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынды мектеп директоры Гульвира Самратбековна Муфтахтинова ашып, іс - шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты жиынға Панфилов аудандық білім бөлімінің әдіскері Т. Т.Әлімғазиева катысып, оқушыларды білім күнімен құттықтап, оқуда сәттілік пен шығармашылық табыстарға жетуге деген тілегін білдірді. Жиынның соңы бірыңғай «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.
Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін.