"Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелері" » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелері"
13
қыркүйек
2023

"Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелері"

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 2023 жылдың 11 қыркүйек күні мектебімізде төтенше жағдайдың алдын алуға байланысты "Жер-2023"сейсможаттығулары өткізілді. "Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелері" Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, сағат 12.55-те "Баршаның назарына!" құлақтандыру дабылы іске қосылды. Мектеп ұжымы, оқушылар дабыл белгісі берілген кезде бірден далаға эвакуацияланды.Төтенше жағдай кезінде ережелерді сақтау керектігін түсіндірді:
- дүрбелеңге берілмей тыныштықты сақтаңыз;
- жасырын жер тауып, басыңызды қолмен жабыңыз;
- бірінші қабаттан 20-40 секунді ішінде ғимараттан тез шығыңыз;
- алдын ала дайындалған құжаттарды, ақшаны және қажетті заттарды өзіңізбен бірге алыңыз;
- балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;
- ғимараттан шыққан кезде суды, газды жауып, үй-жайда электр қуатын сөндіріңіз;
- жоғарғы қабаттарда қауіпсіз орындарға тұрыңыз;
- есіктің ойықтарында, күрделі қабырғалардан пайда болған бұрышта, ішкі қабырғалардың бұрыштарына тұрыңыз;
- үстелдің астына жасырыныңыз, ол сізді құлап жатқан заттар мен сынған бөлшектерден қорғайды. Терезелердің қасында тұру және шыныдан жасалған жиһаздардан аулақ болыңыз;
- жер сілкінісі тоқтаған соң ғимараттан тезірек шығыңыз.
Мақсаты: Оқушыларға "Біз табиғаттың кішкене ғана бөлшегі" екенімізді айту, төтенше жағдайлар бола қалған жағдайларда өздеріне төнген қауіптен қалай құтылу керек және қандай шаралар қолдану керек екенін түсіндіру. Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар жайында оқушыларға түсіндірме жұмыстар жүргізілді.