3 маусымда "Балдырған" мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастады » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3 маусымда "Балдырған" мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастады
03
маусым
2024

3 маусымда "Балдырған" мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастады

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы “Жамбыл атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 3 маусымда "Балдырған" мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастады . Лагердің бірінші маусымыға 0-4 сынып арасында 125 оқушы , төрт отрядқа бөлінді : "Жас оқырмандар" , "Непоседы", "Жас суретші", “һасан-һүсән”.
Бүгінгі күні "Денсаулық сәті" таңертеңгілік жаттығудан басталды. Содан кейін лездемеде оқушылар лагердегі ережелермен танысты.
Бүгінгі таңда отрядтардың жұмысына төмендегі іс шаралар кірді : отряд атауы, ұран, эмблема жаттау. Отряд капитанын таңдау. Тәрбиеші М. С. Усманова қауіпсіздік техникасы және лагерь ауысымының өмір сүру ережелері, жол қозғалысы ережелері, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері бойынша барлығымен таныстырды. Қалған уақытта балалар бағыттар бойынша оқыды.
Мектеп жанындағы лагермен бірге ағылшын және қазақ тілдерінен пәндік лагерлер жұмысын бастады . Ағылшын тілі бойынша лагерге 28 бала , қазақ тілі бойынша 31 бала жиналды, спорт лагеріне 45 бала келді.