«Ханталапай» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
маусым
2024

«Ханталапай»

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы «Жамбыл атындағы орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен 2024 жылдың 5 маусым күні мектепішілік жазғы пәндік-профилдік лагерьдің қазақтың ұлттық «Ханталапай» ойыны туралы 5-ші сынып оқушыларына танымдық ойын түрі ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру .Балаларды әдептілікке, ұлтжандылыққа, елін сүюге, салт-дәстүр арқылы ойлау, көру қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, мергендікке, шапшаңдыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Пән мұғалімдері Г.М.Кожабаева мен Г.Р.Даркенбаева оқушыларды киіз үйге кіргізіп,екі топқа бөлді.Ойынға қатысушыларға ең алдымен ойынның мақсаты мен ойын шартын түсіндірді. «Ханталапай» деп айтылып асық ортаға шашылып, балалар таласып, бөліп жинап алды. «Хан» асығы түскен оқушы ойынды бастады. Көп асық ұтқан оқушылар I ,II, III орындармен марапатталды. Мұғалімдері ойыншыларға жылы лебіздерін білдіріп, жазғы демалыстарын қызықты да пайдалы өткізулеріне тілектестік білдірді.
#жазғылагерь
#тілдіклагерь
#көңілдіжаз
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#zhetysu_bilim
#zhetisu_umс
«Ханталапай»