«Үздік жас маман – 2023» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
мамыр
2023

«Үздік жас маман – 2023»

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен мектепте жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жоспары негізінде
2023-жылы 14- сәүір күні мектепте «Үздік жас маман – 2023» мектепішілік байқауы өткізілді.
Сайыс төмендегі критерийлер бойынша жүргізілді:
1 Портфолио
2 Панорамалық сабақ (15 мин)
3 Таныстырылым: «Менің мұғалім ретіндегі бүгінгі және болашақтағы ұстанымдарым» 5мин
4 Педагогикалық жағдаят 3 мин
Байқауға әділ-қазы алқасы болып төмендегі ұстаздар бекітілді:
1. Муфтахтинова Г.С – мектеп директоры.
2. Баратова Г.М.– педагог-зерттеушы.
3. Исламова С.Т - мектеп психологы.
4. Аязбеков Д.К – мектептегі этика кеңесінің төрағасы.
5. Бородулина Н.В – мектеп кеңесінің мүшесі.
Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет назарынан түскен емес. Еліміздің болашағы — бүгінгі жастардың қолында. Сайысқа мектебіміздің 10 жас маманы қатыстып, бақтарын сынады. Олар:
1. Абылгазина Б. Е.- шетел тілі пәні мұғалімі
2. Акимджанова А.А. - шетел тілі пәні мұғалімі
3. Турганова К.Г. - шетел тілі пәні мұғалімі
4. Садықова Т.Ж. - қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
5. Марупова Н.А. - шетел тілі пәні мұғалімі
6. Кахарманова М. Р. - тарих пәні мұғалімі
7. Нурбеков А. Н. - тарих пәні мұғалімі
8. Пенденова А.Т. -- география пән мұғалімі
9. Имаржан Н.М. - бастауыш сынып пәні мұғалімі
10. Шамшетова Р.М. - қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Сайысқа түскен жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті: таныстыру, жағдаяттық сұрақтар. Өте қызықты әрі тартысты өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Таныстыру кезеңінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Жас болса да, ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттардан жақсы шыға білді. Панорамалық сабақ көрсету барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді.
Әділ қазылар алқасының мүшелері төрт кезең бойынша қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Ал мектеп директоры “ Үздік жас маман- 2023 ” сайысы бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды жариялап марапаттады. Нәтижесінде белсенді қатысып, ерекше көзге түсе білген Пенденова Ақмарал Талгатовна Бас жүлдені иеленді, Кахарманова Манзура Руслановна І орын, Акимджанова Альмира Адиловна ІІ орын, Шамшетова Рабига Максетовна ІІІ орын иегері атанса, Турганова Камила Галыпжановна «Шығармашыл жас маман-2023», Абылгазина Балжан Ерланқызы «Білікті жас маман-2023», Марупова Наргиза Азатовна «Заманауи жас маман-2023», Садыкова Толганай Жумакановна «Жаңашыл жас маман-2023», Нурбеков Айдос Нурмолдаевич және Имаржан Назугум Мухтаржановна «Ізденімпаз жас маман-2023» номинацияларымен марапатталды.
«Бұл ғасыр – тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол, ұмтыл алға, жас маман!» деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілемекпіз.