Заманауи білім беру технологиялары, оларды оқу процессінде қолдану. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Заманауи білім беру технологиялары, оларды оқу процессінде қолдану.
22
мамыр
2023

Заманауи білім беру технологиялары, оларды оқу процессінде қолдану.

Жетісу облысы. Панфилов ауданы Жаркент қаласы. "Жамбыл атындағы орта мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры Г.С Муфтахтинованың басшылығымен 2023-жылдың 25-қаңтарында аудандық ашық есік күнін ұйымдастырылды.
Тақырыбы: Заманауи білім беру технологиялары, оларды оқу процессінде қолдану.
Мақсаты: Жас мамандар мен жұмысты жандандыру.
Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Ж.Ибрагимова және аудан мектептерінен 40 жас маман қатысты:
Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Ж.Ибрагимова жас мамандардың жоғарыда өткізген сабақтарының барлығының өз дәрежесінде семинар мақсатына сай өтілгендігін атап өтті. Мұғалімдердің сабақты өте тартымды етіп өткізуі, оқушыларың жоғары белсенділігі – мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігіне байланысты екендігін, тәлімгерлер мен жас мамандардың бірлескен жұмысының жоғары деңгейде екенін айтты. Мектепте мұғалімдердің тиімді жұмыс жасауы үшін барлық жағдайдың жасалғанын, мектептің материалдық базасы жоғары деңгейде екенін, пән кабинеттері керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін ерекше айтып өтті. Анар Жаксылыковна өз сөзінде ашық есік күнінің жоғары деңгейде болғанын айтып, жас мамандарға алдағы уақытта осы бағытта өз жұмыстарын жалғастыруда әр қашан сәттілік тілейтінін білдірлі. Өз талдауын аяқтай келе аудандық әдіскер жас мамандарға төмендегідей ұсыныстар айтты:
- Сабақтарда оқытудың тиімді стратегиялары көп қолданылса;
- Бағалау жүргізуде бағалаудың ұтымды әдістерін пайдалану жалғастырылса;
- Сабақта уақытты тиімді қолданса;
- Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысса.
Осы орайда аудан мектептеріндегі жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде ұйымдастырылып отырған семинарда 15 жас маман ашық сабақтар көрсетті, - деп келесі сөзді өз ойларын ортаға салу үшін семинарға қатысушыларға берді.
Өз талдауларында сабақта қолданылған стратегиялар, ұлт сыныптардағы білім алушылардың қазақ тілін жақсы меңгергенін, сабақтарда қолданылған әдіс-тәсілдермен тапсырмалардың тиімді орындатандарын, уақытты тиімді пайдалануы, АКТ ны орынды қолдана білуі, жас мамандар топтық және жеке жұмыстарды сауатты пайдаланатынын және сабақтарын өмырмен байланыстыра отырып жүргізгендері жоғары деңгейде болғанын айтып өтті. Бүгінгі сабақтарда көрген әдіс-тәсілдерді алдағы өз сабақтарында қолданатындарын айтты. Панфилов Ауданының Білім  Бөлімі