2023 жылдың 20 қыркүйек күні, «Кел, танысайық!» атты жас мамандармен тәлімгерлердің танысу кеші ұйымдастырылды. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023 жылдың 20 қыркүйек күні, «Кел, танысайық!» атты жас мамандармен тәлімгерлердің танысу кеші ұйымдастырылды.
20
қыркүйек
2023

2023 жылдың 20 қыркүйек күні, «Кел, танысайық!» атты жас мамандармен тәлімгерлердің танысу кеші ұйымдастырылды.

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 2023 жылдың 20 қыркүйек күні, «Кел, танысайық!» атты жас мамандармен тәлімгерлердің танысу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жас мамандарды өз тәлімгерлерімен таныстыру. Тәлімгер мен жас ұстаздар арасында ұйымшылдық пен сенімділікті арттыру,оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерін жұмсауға баулу.
Жастар – еліміздің ертеңі, қуатты келешегі. Жалынды жастар елімізді дамыған елдердің қатарына қосатын үлкен қозғаушы күш иесі екені айтпаса да белгілі. 2023-24-оқу жылында осындай 4 жас маман біздің мектепте еңбек жолын бастап отыр.
Жас мамандардың еңбек жолына қолдау көрсету, әдістемелік көмек ұсыну, бағыт-бағдар көрсетіп, педагогикалық талантты үйретуші тәлімгерлерді ұстаздардың ұстазы десек артық болмас. Білімі мен біліктілігін, шеберлігі мен жаңашылдығын көрсетіп, әрдайым жас мамандардың әдістемелік қоржынын пайдалы әрі қажетті ақпаратпен толтыра білген, жол сілтер тәлімгерлер жас мамандарымен танысып, жұмыстарын бастап кетті.