“Ғажайып әлем - ол кітап” » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сәуір
2024

“Ғажайып әлем - ол кітап”

Жетісу облысы, Панфилов ауданы “Жамбыл атындағы орта мектеп” кмм кітапханасы
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай 5 “А” сынып оқушыларымен аудандағы орталық Балалар кітапханасына барып “Ғажайып әлем - ол кітап” атты кітап фестивальіне қатысып қайтты. Оқушылар өз білімдері мен өнерлерін көрсетті.
Кітап – бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да маңызын жоймаған дүние. Қоғамның сан-салалы мақсаттарының ішіндегі ажырамас бір мақсаты ол – үнемі жас оқырман тәрбиелеп отыру. Бұл оқу орындары үшін де, басқа да қоғамдық ұйымдар үшін де абыройлы әрі үздіксіз жүре беретін міндет болмақ.
Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.
#кітапхана
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#zhetysu_bilim
#zhetisu_umc