18 қаңтар 2024 жылы 11 сыныптар арасында мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 18 қаңтар 2024 жылы 11 сыныптар арасында мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
18
қаңтар
2024

18 қаңтар 2024 жылы 11 сыныптар арасында мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жетісу облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С. Муфтахтинованың басшылығымен 18 қаңтар 2024 жылы 11 сыныптар арасында мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа 45 ата-ана, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Г.С.Муфтахтинова 2023-2024 оқу жылындағы 11 сынып оқушылардың Ұлттық Біріңғай Тестілеуге дайындығы туралы таныстырды.
Мектеп директоры «Алтын белгі» және «Үздік аттестатқа» үміткер оқушылар туралы ақпарат берді. Қыркүйек айынан бастап жүйелі түрде ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының жүргізіліп келе жатқанын хабарлады. Қазан айынан бастап 4 байқау тесттерінің өткізгені туралы айтылды. Тестілеу орталығында өткен байқау тестерінің қорытындысы туралы ақпарат беру үшін сынып жетекшілеріне 11 «А» сынып жетекшісі Ибраимова А.К., 11 «Ә» сынып жетекшісі Рахманбекова А.Ж., 11 «Б» сынып жетекшісі Касанова А.Т., 11 «В» сынып жетекшісі Зикриева Г.В., сөз берілді.
Сынып жетекшілер сынып туралы жалпы мәлімет беріп және байқау тесттерінің мониторингісімен ата-аналарға таныстырды.
Барлық ата-аналар мектеп директорының, сынып жетекшілерінің баяндамасын назарға алды.