"Мектепке жол- жақсылықты жаса" » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қыркүйек
2023

"Мектепке жол- жақсылықты жаса"

Жыл сайын дәстүрге айналған республикалық "Мектепке жол" акциясы 2023 жылдың 1 тамызынан бастап "Жамбыл атындағы орта мектеп" КММ-нің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен "Мектепке жол- жақсылықты жаса" ұранымен жалғасын табуда.
Игі шараға жомарт жандар, ата-аналар, мектебіміздің демеушілері балаларға оқу жылының басталуынан осы күнге дейін мейірімділік танытуда. "Отбасы күні" қарсаңында мектебіміздің демеушілері аз қамтылған отбасылардан жалпы 18 оқушыға 136000 теңге көлемінде көмек көрсетті. 4 оқушыға спорттық киім, 3 оқушыға спорттық аяқ киім, 6 оқушыға классикалық аяқ киім, 3 оқушыны мектеп сөмкелері және мектеп құралдарымен қуантты. "Мектепке жол" акция шеңберінде болашақ ұрпаққа барлық жағдай жасауға асыққан мейірімді жандарға алғыс айтамыз! Балаларға жақсылық жасауға асығайық!