«Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі » атты лекция өткізілді. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі » атты лекция өткізілді.
11
желтоқсан
2023

«Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі » атты лекция өткізілді.

Жетісу облысы, Панфилов ауданы , Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 10-11-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында «Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі » атты лекция өткізілді.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын , өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін, өз эмоционалдық жай-күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында ұйымдастырылған лекцияға 11 «А» , 10 «А» , 10 «В» сыныптарының ата-аналары қатысты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қ. Намысбекова алғы сөз сөйлеп, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың мақсатымен таныстырды. 11 «А» сынып жетекшісі А.К. Ибраимова «Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі » атты лекция оқып, ата-анамен бала арасындағы жақсы қарым-қатынасты нығайту мақсатында өз балаларына арнап хат жазғызды. Мектеп психологі Қ.А. Байдамбекова «Әпке» қысқаметражды фильмінен үзінді көрсетіп, фильм бойынша «Сенім күнделігін» толтырту арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа талдау жасатты. Ата-аналар фильм бойынша өз көзқарастарын білдіріп, туындаған қиындықтардан шығу жолдарына талдау жасады. 10”а” сынып жетекшісі Абдықалықова А. Х. «Балаңыздың мінезі қандай?» тақырыбында тренинг, 10 «В» сынып жетекшісі С.Т. Вилямова «Истаграм» әдісімен кері байланыс жүргізді. Лекцияға қатысқан ата-аналар өз әсерлерін бөлісіп, осы шараны ұйымдастырушыларға ізгі тілектерін білдірді.
«Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі » атты  лекция өткізілді.