«Отбасы - бақыт бесігі» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
қазан
2024

«Отбасы - бақыт бесігі»

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 2 қазан 2024 жылы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» мақсатында 1 «Б,В,Г,Ғ,Д» сынып жетекшілері Т.А.Нижегородцева, М.В.Шабля, А.А.Акчолокова, З.Х.Каирамова мен Н.М.Баудиновалардың ұйымдастыруымен «Отбасы - бақыт бесігі» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында ата-аналарға бейнероликтер көрсетіліп, ұстаздар ата-аналармен тақырыпқа байланысты топтық жаттығу жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып қызығушылық танытты. Ата-аналар сабақ соңында кері байланыс жасап, өз ойларын айтып,өздерінің ізгі тілектерін, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Мақсаты: ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның
әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері
туралы түсініктерді тереңдету.
2. Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамыту.
3. Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті
сезіндіру.
#атаанақолдауорталығы