Ауған соғысы ардагерінің қатысуымен “Ауған ақиқаты әскери кеш ұйымдастырылды. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауған соғысы ардагерінің қатысуымен “Ауған ақиқаты әскери кеш ұйымдастырылды.
13
ақпан
2024

Ауған соғысы ардагерінің қатысуымен “Ауған ақиқаты әскери кеш ұйымдастырылды.

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 13 ақпан күні 2024 жылы Ауған соғысы ардагерінің қатысуымен “Ауған ақиқаты әскери кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимннің орындалуымен ашылды. Гүл шоғын қою рәсімі өтті. Рәсімге ұстаздар, оқушылар Ауған ардагерлері қатысты. Құттықтау сөзін мектеп директоры Г. С. Муфтахтинова айтты.
Ауғанстан жерінде қаза болған жауынгер ағаларымызды еске алуға бір минуттық үнсіздік жарияланды. Мектеп президенті Ерғазы Бекзат Ауған соғысының құрбаны, мектебіміздің түлегі Сатқалиев Шыңғыс Мырзағалиұлы туралы айтып өтті.Кеш әрі қарай мектептің мәжіліс залында жалғасты. Бүгінгі кеште оқушылар ән айтып, автоматты шашып жинап, көрсетті.Кездесуге қонақ ретінде Ауған соғысы ардагерлері Исмаил Жағда Манапұлы, Досмұратов Сағади Қожамұратұлы ағаларымыз келіп, тақырып аясында сөз қозғап, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Отанға қызмет ету, әскери борыш, азаматтық парыз әрбір ер азаматтың бойында мәңгі болу керек екенін айтып өтті.