13-15 қыркүйек аралығында бастауыш сыныпта жол қозғалысы ережелері бойынша іс-шаралар өткізілді. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 13-15 қыркүйек аралығында бастауыш сыныпта жол қозғалысы ережелері бойынша іс-шаралар өткізілді.
17
қыркүйек
2023

13-15 қыркүйек аралығында бастауыш сыныпта жол қозғалысы ережелері бойынша іс-шаралар өткізілді.

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 2023 жылдың 13-15 қыркүйек аралығында бастауыш сыныпта жол қозғалысы ережелері бойынша іс-шаралар өткізілді.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылар арасында қызықты театрландырылған іс-шаралар өткізіп, мектеп оқушыларын жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге, роликтер мен скейтбордшыларға арналған жол белгілерімен және ережелерімен таныстырды. 1 - сынып оқушылары жол қозғалысы ережелері туралы суреттерден көрме ұйымдастырды. 2-сынып мұғалімдері Р. Б. Акимжанова, Д.Б.Дүйсегулова, Ш.Е. Удуримова, Н.В.Бородулина, М. Х. Алаева, З.А. Иминиязова «Көше тосын сыйға толы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. А.Д.Коробова 3-сыныптар арасында «Жол ережесі – біздің адал достарымыз» атты викторина өткізді. 4-сынып мұғалімдері жол полиция маманымен «Қауіпсіз жол» тақырыптық кездесу ұйымдастырды. Информатика пәнінің мұғалімдері П.Х.Махмутова мен А.Ж. Сламғали 1-4 сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелері туралы бейнероликтерді тамашалады.