«Қазақстан халқы тілдер мерекесі» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
қыркүйек
2023

«Қазақстан халқы тілдер мерекесі»

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен және барлық пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы тілдер мерекесі» айлығына арналған іш-шара жоспары бойынша 06.09 күні қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері: Касанова А.Т. Даркенбаева Г.Р. Тохтамова Б.М.«Тіл - достықтың тірегі» атты тілдер мерекесінің ашылу салтанатын өткізді.

Тілдер мерекесі қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5 қыркүйекте мерекеленіп келеді. Бұл мереке–Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам.

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл - адам ойы мен санасының жемісі, жаратылыстың аса күрделі көрінісі, қыры мен сыры мол қатынас-кұралы. "Тәрбие басы-тіл" дейді Махмұд Қашқари. Жаңа оқу жылына ере келген тіл мерекесі көпұлтты мемлекетіміздің береке-бірлігін нығайта