"Ұлттық мектеп лигасы жобасы аясында: "Тоғыз құмалақ-day" » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
желтоқсан
2023

"Ұлттық мектеп лигасы жобасы аясында: "Тоғыз құмалақ-day"

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 2023 жылы 1- желтоқсан күні "Ұлттық мектеп лигасы жобасы аясында: "Тоғыз құмалақ-day" жобасы аясында ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында республикалық "Тоғыз құмалақ" челлендж 3-7 сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты: Үстелдегі ұлттық ойындарды ойнауды үйрету. Баланың бойындағы жеке қабілеттерді қалыптастыруды тәрбиелеу. Сабақ уақытында баланы ұқыпты болуға тәрбиелеу. Баланың ойы мен логикасын дамыту.
Тоғыз құмалақ – қазақ халқының дәстүрлі ойындарының бірі болып, балалардың ой-өрісін дамытудағы маңызы зор. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, оның шығу тарихы 4 мың жыл уақытты қамтиды екен. Тоғыз құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласында ең көп таралған дәстүрлі ойындардың бірі болған. Қазақ халқының аңыздары бойынша бұл ойынды қарапайым қойшылар ойлап шығарған.
Осы бір дәстүрлі ойын қазіргі таңда да еліміздің спорт саласында кеңінен таралып, жастар арасында көптеген сайыстар ұйымдастырылуда. Бұл балалардың ойынға болған қызығушылығының жоғары екенінің көрсеткіші.

"Ұлттық мектеп лигасы жобасы аясында: "Тоғыз құмалақ-day"