«Дәстүр - тәлім-тәрбие қайнары» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
наурыз
2024

«Дәстүр - тәлім-тәрбие қайнары»

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 6 наурыз 2024 жылы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Дәстүр - тәлім-тәрбие қайнары» атты 9 сынып жетекшілері Г.М.Кожабаева, А.А.Коляда,А.А. Аланурова А.А Гаппарованың ұйымдастыруымен «Аналар сайысы» өткізілді.
Іс-шараны өткізудің мақсаты:
-оқушыларға ұлттық салт-дәстүр , ұлттык мереке, ұлттық тағамдар туралы мағлұмат беру; -халықтық салт–дәстүрлерді дәріптеуге, қастерлеуге үйрету; -оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу;
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.
Мұхтар Әуезов Сынып жетекшілері бұл іс-шараны өткізу барысында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген ұлттық тәрбие тамыры – халық қазынасы екендігін, егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасын, мәдениетін, әдет – ғұрпын көрсетіп, насихаттау арқылы білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып қана қоймай, ата-анасын сыйлайтын, перзенттік парызын түсінетін, салт-дәстүрлерді білетін, оны сақтайтын, бағалайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ар-ұят, талапты жоғары қоятын саналы азаматтарды тәрбиелеу мақсаты көзделді.
Іс-шара 5 тур бойынша өткізілді. Бірінші турда қатысушылар өздерін, отбасыларын таныстырып өтті. Келесі тур бойынша Жалғасын тап ”айдарында халқымыздың “асыл қазынасы”мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. “Салт - дәстүрді білесің бе?”атты турда қазақ халқының “Тұсаукесер”,орыс халқының «Колядка», дүнген халқының салт – дәстүр түрлері көрсетіліп, көрермендерді тәнті етті. “Ана тәрбиесі-алтын діңгек”турында балалардың аналарына алдын ала жазған хаты оқылып, аналары сөз саптауы, жазу емлесі арқылы өз балдарының хатын тауып, бірге ортаға шығып, бірлесе отырып ұлттық нақышта ою ойып, жабыстырып,берілген уақыт аясында ана мен баланың бірлескен еңбектерін көрсете білді. Соңғы «Өнерлінің қолы алтын» үй тапсырмасы турында аналар ұлттық тағамдарда ас мәзірін неден, қалай дайындықтарымен бөлісті. Бұл сайыс бізге тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс екендігін, егер еліміздің тарихын құрметтейтін, ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейтін Отаншыл, намысшыл ұрпақ тәрбиелейміз десек ұлттық құндылықтарға баса назар аударуымыз қажет екендігін тағы бір дәлелдегендей болды.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#zhetysu_bilim
#zhetisu_umc
#атааналардыпедагикалыққолдаорталығы