2024 жылдың 25 қаңтарында бракераж комиссиясының мүшелері мектеп асханасына мониторинг жүргізді » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024 жылдың 25 қаңтарында бракераж комиссиясының мүшелері мектеп асханасына мониторинг жүргізді
05
ақпан
2024

2024 жылдың 25 қаңтарында бракераж комиссиясының мүшелері мектеп асханасына мониторинг жүргізді

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен 2024 жылдың 25 қаңтар күні бракераждық комиссия мүшелері:
1. Муфтахтинова Г.С. – мектеп директоры, комиссия төрайымы;
2. Рустюмов А.К. – ата-аналар комитетінің төрағасы, комиссия мүшесі;
3. Кулбулдинова Ж.Е. – «Қамқоршылық кеңесінің» мүшесі, комиссия мұшесі;
4. Махмутова Т.Х. – ДОІЖО, комиссия мүшесі;
5. Хасенова М – медбике
мектеп асханасын төмендегідей критерий бойынша тексерді:
- Мектеп асханасында ұсынылатын өнімдерге сертификаттардың сәйкестігі және қандай өндіруші;
- Дайындалған тағамдардың күнделікті ас мәзіріне сәйкестігін бақылау;
- Мектеп асханасында жеке гигиена ережелерінің сақталуы;
- Тіркеу журналдарының жүргізілуі;
Мектеп асханасында ұсынылатын өнімдердің сертификаттары сәйкес, дұрыс. Ас мәзірінде қолданылатын азық-түліктің барлығы Қазақстандық өнімдер. Сақтау шарттары мен мерзімдері дұрыс. Балалардың тамақтануында тыйым салынған тағамдар тұтынылмайды.
2023-2024 оқу жылына арналған апталық ас мәзірі бекітілген, күнделікті ас мәзірі құрылған бекітілген, тамақтану залында ас мәзірі ілінген, онда тағамдардың көлемі мен аспаздық өнімдердің атаулары туралы мәліметтер көрсетілген. 2024-2024 оқу жылында 1-4 сыныптардын 722 оқушы ЖББ қорынан 192 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оқушыларға ыстық тамақ күнделікті ас мәзіріне сәйкес беріледі. Ыстық тамақ, буфетке қойылатын тағамдар (пирожки, самсы т.б.) күнделікті балғын (свежий) жасалады.
Асхананың ас блогы, екі тоңазытқыш, көкөністер мен тамақ өнімдерін (макароны, күріш, қарақұмық т.б.) сақтайтын блок, екі қолжуғыш, ыдыс-аяқ жуатын блок, буфет, тамақтану залы санитарлық-гигиеналық ережелерге сай таза. Қызметкерлер арнайы санитарлық киіммен (халат, шалбар, бас киім, тайғанамайтын жеңіл жұмыс аяқ киімі) қамтамасыз етілген. Жұмысқа тиісті кәсіби біліктілігі бар адамдар және белгіленген тәртіппен мерзімді медициналық тексеру мен кәсіби гигиеналық дайындықтардан (тырнақ қысқа қиылған, іріңді және тері аурулары жоқ) өткен адамдар жұмыс жасайды. Күнделікті кесте бойынша бекітілген кезекші мұғалімдер асхананың санитарлық жағдайын бақылайды.
Барлық тіркеу журналдарының жүргізілуі дұрыс, күнделікті толтырылады:
1. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушыларды тіркеу журналы;
2. Дайын тағамның аспаздық бұйымдарды органолептикалық бағалау
журналы;
3. Тез бұзылатын азық-түліктерді тексеру және тіркеу журналы;
4. Қоғамдық тамақтану қызметкерлерін (тамақ таратушыларды)
медициналық тексеру нәтижелерін тіркеу денсаулық журналы