15
декабрь
2023
«Заманауи білім беру технологиялары, оларды оқу процессінде қолдану»
Жетісу облысы, Панфилов ауданының "Жамбыл атындағы орта мектеп" КММ директоры Г.С. Муфтахтинованың басшылығымен 2023 жылы 13.11-17.11 аралығында тәлімгер педагогтер «Заманауи білім беру технологиялары, оларды оқу процессінде қолдану» тақырыбында апталық ұйымдастырды. Апталықтың мақсаты: Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету. Бұл апталықта тәлімгер педагогтер ашық сабақтар көрсетіп, өз сабақтарында заманауи білім беру технологияларін көрсетті. Тәлімгерлер сабақтарынан жас мамандардың алары көп болды. Мысылы, Рахманбекова А.Ж. «Топтық жұмыс» стратегиясын және «WordWall» платформасы арқылы дайындаған тапсырмаларды сабақта орындату жолдарын көрсетсе, Есеркеева С.Н. «Ассоциация» әдісін, «Ғажайып кітап» әдісін, Заитова Р.А. сабақта деференциацияны қалай жүзеге асыру керек және «Менің фаворитым» әдісі арқылы деңгейлы тапсырмалар орыындатса, Баратова Г.М «Бес қадам», Блум таксаномиясының ерекшелігі бойынша оқушылардың ой-өрісін дамытуды, жәнеде көптеген тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды көрсетті. Сабақтан кейін жас мамандар кері байланыс жүргізді.