«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу – тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу – тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»
07
қыркүйек
2023

«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу – тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С. Муфтахтинованың басшылығымен және директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлары:
С.Р. Толымбекова
Р.А. Курваниязова
А.К.Ирсалиеваның ұйымдастыруымен әдістеме отырысы өткізілді.
2023-2024 оқу жылы
Әдістемелік отырысы
Күн тәртібінде:
«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу – тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру.
ДӘІЖО Р.А.Курваниязова сөз алды. Өз сөзінде: 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әдістемелік нұсқау хат келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды:
- 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға сілтемелер;
- құндылыққа бағдарланған, құзыреттілік, STEAM/ STEAM педагогикалық тәсілдерді іске асыру бойынша ұсыныстар;
- пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты (оқу және жазу сауаттылығы, математикалық, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы) қалыптастыру бойынша ұсыныстар;
- пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді; цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсынымдар.
Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұруы тиіс. Барлық оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталуы қажет.
Алдағы оқу жылында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау өзекті міндет болады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады деп түсіндіріп өтті. Әдістемелік отырыс өтті. «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу – тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен ұжым таныстырылып және осы бұйрықтың орындалып, пән мұғалімдерінің назарға алуына шешім шығарылды.