Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаеваның кезекті жолдауын талқылау. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаеваның кезекті жолдауын талқылау.
02
наурыз
2023

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаеваның кезекті жолдауын талқылау.

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп"КММ-де 02.09.2022ж күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың "Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам" атты кезекті Жолдауы талқыланды. Жолдауды талқылауға мектеп директоры Г С.Муфтахтиновамен бірге барлық мұғалімдер қатысты. Тарих пәнінің мұғалімі Аязбеков Д.Қ.Жолдауды қолдай отыра қаралған мәселелерге жеке-жеке тоқталып өтті.Оның ішінде Жолдаудағы үшінші бағдар-Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция бөлімінде айтылған маңызды мәселе-білім беру жүйесі туралы тарқатып айтты.Атап айтсақ балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу,тәрбиешінің әлеуметтік мәселесін арттырып,жалақысын көбейту,жұмыс жүктемесін азайту,оларды аттестациялау қажеттігін,әрбір оқушының білім алып,жан-жақты дамуы үшін жағдай дасау керектігін,сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынғанын,2025ж дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай дасалатынын,апатты жағдайдағы,үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесінің толық шешілетіні туралы тарқатып айтты. Жарыссөзге география пәнінің мұғалімі Щербеков М.А.шықты.Ол да Жолдауын қолдай отырып Президенттің: "Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп,көмектесеміз",-деген сөздеріне баса назар аударды.Келесі сөзге тарих пәнінің мұғалімі Темирбаев М.М.шықты. Ол өз сөзінде Жолдауда көрсетілген барлық бағдарларға қысқаша тоқталып қолдацтынын айтып өтті.