Апталық «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбы аясында өтті. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Апталық «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбы аясында өтті.
15
желтоқсан
2023

Апталық «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбы аясында өтті.

2023 жылы 20.11-24.11 аралығында жас мамандар апталығы ұйымдастырылды. Апталық «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбы аясында өтті. Мақсаты: тәлімгерлерден алған білімдерін, тиімді әдіс-тәсілдерін өз сабақтарында қолдана білу. Бұл апталықта тәлімгер-педагогтер өздеріне бекітілген жас мамандардың ашық сабақтарына қатысты. Жас мамандар өз сабақтарында сабақтың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана білді. Мысалы, Колесникова М.А кластермен жұмыс, «Көңіл-күй найзағайы», «Ғажайып кітап» әдісін қолданса, Шамшетова Р. М стратегиясын және «WordWall» платформасы арқылы дайындаған тапсырмаларды сабақта орындатады, Сламғали А.Ж топтық жұмысты «Лего» әдісі арқылы ұйымдастырып, «Жасырын датчиктер» ойыны арқылы жаңа тақырыптың қорытады, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Рахымжанов Б.М, Сағындықов М.М жеңіл гимнастикалық құралдармен жаттығулардың техникаларын өз сабақтарында ұтымды пайдаланды. Жас мамандар тәлімгерлерден үйренген әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында тиімді қолданып, оқушылардың ой-өрісін дамыта білді. Сабақтан кейын тәлімгерлер жас мамандарға кері байланыс жүргіп отырды.
Апталық «Ізденген жетер мұратқа» тақырыбы аясында өтті.