01
қазан
2024
«Кел, танысайық»
01.10.2024 жылы Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас мамандар және тәлімгерлермен «Кел, танысайық» атты танысу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жас мамандарды өз тәлімгерлерімен таныстыру. Тәлімгер мен жас ұстаздар арасында ұйымшылдық пен сенімділікті арттыру, жас мамандардың бір-бірімен жақын танысып, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерін жұмсауға баулу.
Жастар – еліміздің ертеңі, қуатты келешегі. Жалынды жастар елімізді дамыған елдердің қатарына қосатын үлкен қозғаушы күш иесі екені айтпаса да белгілі. 2024-2025-оқу жылында осындай 5 жас маман біздің мектепте еңбек жолын бастап отыр.
Жас мамандардың еңбек жолына қолдау көрсету, әдістемелік көмек ұсыну, бағыт-бағдар көрсетіп, педагогикалық талантты үйретуші тәлімгерлерді ұстаздардың ұстазы десек артық болмас. Білімі мен біліктілігін, шеберлігі мен жаңашылдығын көрсетіп, әрдайым жас мамандардың әдістемелік қоржынын пайдалы әрі қажетті ақпаратпен толтыра білген, жол сілтер тәлімгерлер жас мамандарымен танысып, жұмыстарын бастап кетті. Іс-шара барысында тренингтер жүргізіліп, жас мамандарға сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Кеш соңында жас мамандар кері байланыс жасады.