"Алаш ұстазы - Ахмет Байтұрсынов" » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Алаш ұстазы - Ахмет Байтұрсынов"
17
қыркүйек
2023

"Алаш ұстазы - Ахмет Байтұрсынов"

13 қыркүйек күні "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен "Тілдер күні" мерекесіне орай "Алаш ұстазы - Ахмет Байтұрсынов" әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды. Кеште Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалым, ақын, Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, Ахмет Байтұрсынов туралы бейнефильм көрсетілді, оның қазақ халқына әкелген ағартушылық бастамалары туралы тартымды баяндамаларды мектептің қазақ 8,9 сынып оқушылары оқыды. Әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері туралы өлеңдер оқылып, тыңдаушыларды бір серпілткен күй де орындалды.Патша отаршылдығына қарсы күрестегі белсенді іс-әрекетіне байланысты, Ахмет Байтұрсыновты абақтыға жапқаны сахна көрінісімен ұласты.Жас ұрпаққа рухани жаңғыру күш-жігер беретін Ахмет атамыздың өлеңдерін кеш қатысушылары жатқа, мәнеріне келтіріп оқыды.Кештің өтуіне мектеп кітапханашылары Н.Ж.Ахмулдаева мен Д.Д.Оспанова ерекше атсалысты. Олар халқымыздың ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынов есімін көрсететін кітап көрмесімен, тау сілеміндей мол мұраны оқырман назарына ұсынды.Кешті әсерлі жүргізген Туғанбаева Каусар мен Ерғазы Бекзат еңбектері де ерен болды.Қазақ әдебиетінде өзіндік орын бар дарынды ақын, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы Ахмет Байтұрсынов туралы кештің тәрбиелік мәні зор және ұйымдастырушылары: Ж.А.Елекбаева, М.С.Оразбаева тыңдарман оқушыларға жеткізе алды.
Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.