«Қабілетті оқушылармен жұмыс түрі» тақырыбында Акимбекова Н.Б. «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс»тақырыбында семинар-практикум өткізді. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қабілетті оқушылармен жұмыс түрі» тақырыбында Акимбекова Н.Б. «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс»тақырыбында семинар-практикум өткізді.
26
желтоқсан
2023

«Қабілетті оқушылармен жұмыс түрі» тақырыбында Акимбекова Н.Б. «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс»тақырыбында семинар-практикум өткізді.

26.12.2023ж. «Жамбыл атындағы орта мектеп» КММ-нде мектеп директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері Елекбаева Ж.А. «Қабілетті оқушылармен жұмыс түрі» тақырыбында Акимбекова Н.Б. «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс»тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Мақсаты: Сабақ үстінде үлгерімі төмен оқушылармен түрлі әдіс тәсілдер арқылы білімдерін жетілдіру, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, қабілетті оқушылардың білімдерін шыңдап,шығармашылыққа баулу,сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру.
Іс-шараға тіл мамандарымен бірге орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері,жас мамандар қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елекбаева Ж.А. жыл басынан қабілетті оқушылармен жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Сабақ үстінде дарынды оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуға бағытталған мәтінмен жұмыс,тест тапсырмаларын беріп отырытынын айта келе бейнебаян арқылы дарынды оқушыларымен жүргізілген жұмыстардан үзінділер көрсетті.
Өз кезегінде Акимбекова Н.Б. сабақта үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстары туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Үлгерімі төмен оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,білім сапаларын көтеру мақсатында қолданылаты «Білім шамы», «Конверттегі сұрақтар», «Он сұрақ», нәтиже сабақтарда жиі қолданылатын «Ия,Жоқ», «Жұмбақ зат», «Сандар сөйлейді» оқушылардың қиялдарын ұшқырлауға арналған суреттер салдыратын, жеке-жеке тоқтала келе жұмыс барысынан үзінділерді бейнебаян арқылы көрсетті. Іс-шара соңында сөз алған ДӘІЖО Курваниязова Р.А. қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Касанова А.Т.әріптестерге тәжірибелерімен бөліскендеріне ризашылықтарын білдіре келе, қатысқан ұстаздар оның ішінде жас мамандардың осындай іс –шаралардан алар құнды дүниелері мол екеніне тағы бір көз жеткізгендерін айтты.