«Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету»
12
сәуір
2024

«Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету»

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы “Жамбыл атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен 12 сәуір күні 2024 жылы 5-8-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету» мақсатында: «Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары» атты семинар-тренинг өткізілді.
Семинар – тренингтің мақсаты: Ата-аналардың жағымды қарым-қатынас орнатуда балаға қолдау көрсету қабілетін қалыптастыру.
Т.А Насырбекова “Сәлем - сөздің анасы” ата-аналарды әр түрлі елдердің амандасуы арқылы қарсы алды. Г.А. Мансурова оқушылардан интервью алған бейнеролик көрсетті және осыған байланысты ата аналар бейнеролик тен алған пікірлерін тыңдап постер қорғатты. Мектеп психологы Д.Т. Зайнутдинова «Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстар, қорқыту» тренинг өткізді.
Құсайынова Б.А., Иминова А. Н., ұлттық құндылықтарды ескере отырып “Ренжістік”, “Татұластық” деген ойын өткізді.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#zhetysu_bilim
#zhetisu_umc
#атааналардыпедагикалыққолдаорталығы