“Алғыс айту”күні қарсаңында: "Қазақстан бақыт - мекені" достық фестивалі өткізілді. » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Алғыс айту”күні қарсаңында: "Қазақстан бақыт - мекені" достық фестивалі өткізілді.
01
наурыз
2024

“Алғыс айту”күні қарсаңында: "Қазақстан бақыт - мекені" достық фестивалі өткізілді.

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы "Жамбыл атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г. С. Муфтахтинованың басшылығымен 1 наурыз күні 2024 жылы мектебімізде “Алғыс айту”күні қарсаңында: "Қазақстан бақыт - мекені" достық фестивалі өткізілді. Фестивальге ата-ана қамқорлық кеңесінің төрайымдары А.К.Рустюмов, А. С. Ибрянова қатысты.
Мақсаты: Білім алушыларға алғыс пен ризашылық, жақсы тілек туралы түсінік беру, елімізде тұрып жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт- дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін балалардың бойына сіңіру, өз Отанын, туған елін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру.Іс- шараға түрлі ұлттар қауымынан ата- аналар, ұстаздар, қонақтар, білім алушылар белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосты.
Фестивалге үлкен жауапкершілікпен дайындалып, (қазақ, орыс, ұйғыр, дөнген) салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдет- ғұрыптарын, ұлттық тағамдарымен таныстырып, өнерлерін ортаға көрсетті. Достық фестивалі мектеп білім алушыларының бойындағы ұлттық рухты, патриоттық сезімдерын оятып, түған елін сүюге, бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге тәрбиеледі.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#Алғысайтукүні
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#zhetysu_bilim
#zhetisu_umc

#атааналардыпедагикалыққолдаорталығы