«Ең білімді, талантты әке» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ақпан
2024

«Ең білімді, талантты әке»

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен 29.02.2024 жылы Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ең білімді, талантты әке» зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: тәрбиенің қалыптасқан құнды тәжірибесіне сүйене отырып, XXI ғасыр әкелердің бойына рухани-адамгершілік, білімділік, ата салт дәстүріндегі тәрбиелік құндылықтарды сіңіру. «Әке –отбасы тірегі» ұстанымына берік болып, сенімділік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Сайысқа 5 «Б» 5 «В» 5 «Г» 5 «Ғ» сыныптарының әкелері бақ сынасып, білім-білік дағдыларымен додаға түсті. Сайыс кезеңдері: таныстыру, «Ойлы болсаң, озып көр», «Ақыл жастан...», «Ата мұра –асыл қазына», «Анасыз өмір-...». Әкелер білімдерімен, тапқырлығымен, ой ұшқырлығымен, шапшандығымен әділ-қазылар алқасы, ДТІЖО Қ.С.Сайдахметов, мектеп психологі С.Т.Исламова және мед.қызметкері С.А.Сулейменов, шешімімен «Ең білімді, талантты әке» Ахметов Нариман Низамдунович (5ғ) анықталды. Бақ сынасқан Руфат Абдувахитжанович, Шухрат Саидұлы, Адылжан Ахметович, Руслан Тохтахунович мырзаларға ҮЛКЕН алғыс!!!
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#zhetysu_bilim
#zhetisu_umc
#атааналардыпедагикалыққолдаорталығы