Тамақтану туралы есеп » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қазан
2023

Тамақтану туралы есеп

Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С.Муфтахтинованың басшылығымен 2023-2024 оқу жылында 1 қыркүйектен бастап 1 мен 4 сынып оқушылары арасында 827 оқушы және әлеуметтік осал топта тәрбиеленетін 81 оқушы, жалпы есептегенде 908 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Бракераждық комиссияның жылдық жоспары бойынша асхана жұмысы тексерілуде, тексеру нәтижесінің АКТ-і жазылуда. Ас мәзірі бұрышында 4 апталық ас мәзірі, мектеп директоры бекіткен бір күндік ас мәзірі, ата-аналардың шағым және ұсыныстарын жазатын журнал, оқушылардың ыстық тамаққа қатысуының графигі, кезекшілік кестесі ілінген. Шағымдар мен ұсыныстар журналында ата-аналар өздерінің оң пікірлерін қалдырған. Оқушылардың тегін ыстық тамаққа күнделікті қатысуын тіркеу журналына әр сыныптың оқушысы белгіленеді. Күнделікті тағам сапасы барлық нұсқаулықтарға сай, дәмді. Тамақтың граммдық мөлшері дұрыс.