«Баршаға қолжетімді сапалы білім» » Жамбыл атындағы орта мектеп (Жаркент)
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (72337) 2-15-03
Есепші орта бөлімі:
7 (72337) 2-15-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сәуір
2024

«Баршаға қолжетімді сапалы білім»

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23-сәуір 2024 жылы мектеп директоры Г. С.Муфтахтинова құзырет орталығына бекітілген мектептер № 6 орта мектеп, Хамраев атындағы ОМ, Б.Назым атындағы ОМ, Босақов атындағы ОМ, Крупская атындағы ОМ, Еңбекші ОМ, Керімағаш БМ, Қызылжиде БМ, Ақарал БМ басшыларымен және «Baby kids», «Kinder Land» балабақшасы меңгерушілерімен «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жол картасы іс-шарасы негізінде бекітілген мектептермен кездесті, практикалық семинар өткізді. Семинар барысында жоспарға енгізілетін сұрақтар, жол картасында ұсынылған кейстер талқыланды, әр мектеп SWOT талдау жасады және қорғады.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде анықталған мәселелерді жоспарға енгізуге ұсыныстар берілді. Семинар соңында мектеп директоры
Г. С. Муфтахтинова құрылған жоспар бойынша бірлескен жұмыс арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.